Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде
Жетісу облысында ер адам 1980 жылы дүниеге келген әйелді зорлап, жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберіпті. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
«Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.