Батыс Қазақстан облысында белгісіз себептен мал қырылып жатыр
Фото: ашық дереккөзден алынды
Есебін ешкім жүргізіп жатқан жоқ, бірақ округ бойынша ірі қара шығыны бірнеше жүзден асқаны анық
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында белгісіз себептен мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы facebook желісінде Ерденбек Жылқайдарұлы мәлім етті. Ол жазбасында ірі қара шығыны жүзден асқанын айтады.
«Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында жағдай қиын. Мал қырылып, жұт боп жатыр. Өткенде даладағы жылқысын қиналмасын деп, шарасыздан бауыздап тастаған казталовтық шаруаның видеосын фейсбукқа салған болатынбыз. Мынау Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылындағы жағдай. Соңғы бірер күнде өлген мал. Биыл ауылдағы ағайынға төрт түлікке төл ілестіру былай тұрсын, бар малды сақтап қалу мұң боп тұр. Есебін ешкім жүргізіп жатқан жоқ, бірақ округ бойынша ірі қара шығыны бірнеше жүзден асқаны анық», – деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40