Көліктің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды
Сарыөзек-Жаркент тасжолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала болжам бойынша, көліктің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды.
Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерінен ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.