Су ағынының күшті болуы, шұңқырлар мен құм кедергі келтірген
Ақмола облысының Целиноград ауданында 20 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, әкесімен бірге Нұра өзеніне келген 20 жастағы жігітті аман алып қалуға, су ағынының күшті болуы, шұңқырлар мен құм кедергі келтірген.
«11 маусым күні Тайтөбе ауылының маңындағы Нұра өзенінде (тереңдігі 2 м, ені 15 м) Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары сағат 17:00 шамасында арнайы белгіленбеген орында суға шомылған 20 жастағы жігітті іздеуді бастаған. Сағат 19:45-те оның денесі табылып, судан шығарылды», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінде.