Өртенген аумақ 1500 гектарды құрады
Ұлытау облысындағы өрт бүгін, 31 шілде күні сағат 06:15-те өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртенген аумақ 1500 гектарды құрады.
«Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД және ТЖМ күштері мен құралдары 45-ке жуық адам мен 12-ден астам техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Осыған дейін Ұлытау облысында өрт сөндіріліп жатқаны хабарланған болатын.