Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

10.05.2024 14:47

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.


Су арнасын анықтап, жол сызатын мекеме қызметкері әлі табылған жоқ. Оқиға 8 мамырда түнгі сағат 23:00 шамасында болған. Аққулы ауданына қарасты Шабар ауылының маңындағы жағдайдан соң бірден төрт сүңгуір су астына түскенімен, тәулік бойғы іздеу еш нәтиже бермеді. Алдын ала мәліметке сай, капитан палубадан құлаған делінеді. Ал іздеу-құтқару жұмысы судың ағыны қатты, асты лай болғандықтан, қиынға соғып жатыр.

– Күні бойы 2000 шаршы метр судың түбі зерттелді. Бірақ іздестіру, құтқару жұмыстары нәтижесін берген жоқ. Су деңгейі жоғары және ағыны қатты, жел болып тұр. Дегенмен құтқарушылар іздеп жатыр, – деді ТЖД Жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериязданов.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 4 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті