|
07.02.2024 | 09:47
197

Тоғызыншы қабаттан секірген қыздың өліміне не себеп болды

Ақмола облысында 24 жастағы қыз суицид жасады

Тоғызыншы қабаттан секірген қыздың өліміне не себеп болды elements.envato.com

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- 2024 жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өзіне-өзі қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30-да болды, - деп таратты ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: Талдықорғандағы жасөспірім не үшін өмірін қиды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир