Ақмола облысында 24 жастағы қыз суицид жасады
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- 2024 жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өзіне-өзі қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30-да болды, - деп таратты ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: Талдықорғандағы жасөспірім не үшін өмірін қиды