Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, 28 жастағы дәрігер көз жұмды

СҚО ПД баспасөз қызметі
СҚО ПД баспасөз қызметі
Көлікте ауруханаға алып бара жатқан науқас адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жезқазған-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолдың Есіл ауданына қарасты бөлігінде «Жедел жәрдем» көлігі «МТЗ-80» тракторымен соқтығысқан. Оқиға орнында жас дәрігер қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Exspress Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, жедел жәрдем көлігінде жүргізушіден бөлек, жалпы тәжірибе бойынша мамандандырылған дәрігер мен оның көмекшісі және Мүсірепов ауданынан Петропавлға алып бара жатқан науқас адам болған.

«Жол-көлік оқиғасында 28 жастағы дәрігер оқиға орнында қайтыс болған. Мейірбике аудандық орталық ауруханаға, ал облыс орталығына апара жатқан науқас кісі Кардиологиялық орталыққа жатқызылды. Медициналық тексеріс жүргізушілердің сау болғанын анықтады», – деп жазады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Новости партнеров