Екібастұзда көрші балкон арқылы өз үйіне кірмек болған азамат қайтыс болды

08.10.2019 14:49

Ер адам құлау салдарынан көз жұмған

Екібастұз қаласының Королев көшесі, 92-ші үйде ер адам абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтерінің балконына кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлау салдарынан ер адам көз жұмған.