Соққы салдарынан екі адам да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Павлодар облысында көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Солүстік өндірістік аймақ көшесі, 85 мекенжайында болды.
"4 желтоқсан күні сағат 17.00-де "Ауди 100" автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі 1983 және 1982 жылдары туған екі адамды қағып кетті. Олар жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Соққы салдарынан екі адам да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.