Ол оқиға орнында көз жұмды
Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде болған.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.