|
24.05.2019 | 09:50
2190

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің төбелесі бейнеленген тағы бір видео пайда болды

Оқиға Ақтау қаласында болған

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің төбелесі бейнеленген тағы бір видео пайда болды

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің әлімжеттігі бейнеленген тағы бір видеоролик пайда болды. Осы жайтқа қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп, кадрдағы балалардың кім екенін анықтағанын айтты.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың сөзінше, аталған оқиға Ақтау қаласындағы колледж студенттерінің арасында болған.

"Әлеуметтік желіде таралған жасөспірімді өзінің құрдастары ұрып жатқаны туралы бейне материал тексерілді. Осы іске қатыстылар анықталды. Олар – Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студенттері. Бұл жәйт осы жылдың 20 сәуірде орын алған, жәбірленуші полицияға шағымданбаған. Қазіргі уақытта кінәлілерді жауапқа тарту мәселелері қарастырылуда", - деді Н.Ораз.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының төбелесі мен әлімжеттігі бейнеленген видеокадрлар интернетте тарап, көпшіліктің қызу талқысына ұшыраған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир