Атырау облысында су таситын көлік жанып кетті
ҚазАқпарат
Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:20-да оқшаулады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысында су таситын көлік өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мақат ауданында су тасымалдап жүрген «Урал» маркалы көлік отқа оранған.
«Көліктің өртенгені туралы кеше, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 14.32-де хабар түсті. Департаменттің өрт сөндірушілері Доссор кентінен 10 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» бағытындағы республикалық тас жолдың бойында автокөліктің өртеніп жатқанын анықтады. Жалын су таситын көліктің кабинасынан шыққан», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:20-да оқшаулап, сағат 15:25-те толық сөндірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33