Қостанай облысында өрт кезінде төрт адам мерт болды, оның екеуі - бала

18.12.2019 18:41

Екі адам күйік шалып, ауруханаға түсті: бірінің денесінің 45 процентін, тағы бірінікін 40 процент күйік шалған

Қостанай облысында үйден шыққан өрттен 4 бірдей адам қаза болды. Қайғылы оқиға 15 желтоқсан күні Торғай кентінде болған. Өрт отбасы кешкі ас ішіп отырған кезде шыққан. Үйде барлығы 10 адам болған екен. Денелерін күйік шалған 33 жастағы ер адам мен 22 жасар қыз бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал 5, 8 және 10 жастағы үш бала Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілген. Өрт орнында тағы екі әйелдің мәйіті табылды. Сондай-ақ, жасы бірге жетпеген екі бала қаза болған. Тілсіз жаудың себебін Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.