Өрт сөндірушілер жоғары шақыру рангы бойынша жұмыс істеп жатыр
Алматының Алатау ауданында Рысқұлов-Момышұлы қиылысында өрт басталды. Қалалық ТЖ департаменті екі қабатты "Терраса" дәмханасы жанып жатқанын растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары шақыру рангы бойынша жұмыс істеп жатыр.
Жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды.
Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда.