Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

24.11.2022 14:52

Жарақат алған тағы 4 адам ауруханаға түсті

стоп кадр

«Алматы-Кеген-ТЮП» автожолының 2-шақырымында орын алған жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

23 қарашасында сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы қайтыс болды. Сонымен қатар, Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды», - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.