Астанада тұрғын үй кешенінде өрт болып 5 адам ауруханаға жатқызылды

01.03.2019 16:52

Жалын 15 шаршы метр ауданды шарпыған

Спутник Казахстан

Астананың Есіл ауданы, «Камал-4» тұрғын үй кешенінде болған өрттен кейін он бір адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.

Бұған дейін 28 қаңтар күні 22:18-де Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінің үшінші қабатынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Тұрмыстық заттар мен балкон өртеніп, жалын 15 шаршы метр ауданды шарпыған. Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді.

Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.

Теги: пожар