|
07.02.2019 | 17:52
4102

Алматы мешітінде телефон ұрлаған ұры ұсталды

В полиции не исключают, что задержанный может быть причастен к аналогичным преступлениям

Алматы мешітінде телефон ұрлаған ұры ұсталды

Алматының мешітінен құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында сұғанақты қылмыс үстінде қолға түсірген. Тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін дейді. Айта кетейік, соңғы айда қалада 70 қалта ұрысы ұсталыпты.  

«Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында орналасқан мешіттің бірінен қалта ұрлығымен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының 30 жасар азаматын құрықтаған болатын. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұрын-соңды бірнеше рет сотталған азамат екен. Біздің пайымдауымызша, ол бұрын да қылмыстар жасаған болуы мүмкін», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир