Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

06.12.2019 14:53

Түнде пойыз жолында ерекше суретке түспек болған қыз көз жұмды

Ақтөбеде пойыз қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Трагедия 4 желтоқсан күні сағат 23.00-де орын алған, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

"Авиа қалашық ауданында екі қыз селфи жасағысы келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз соқты", - деп жазылған хабарламада.

2000 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Алайда таң ата көз жұмды.

2017 жылдың маусым және тамыз айларында төрт кәмелетке толмаған бала селфи жасау үшін вагонның үстіне шыққан еді. Оларды тоқ соғып, біреуі қайтыс болған.

Sputnik.