Қостанайда құбыр ішінен адам қаңқасы табылды

05.07.2023 19:24

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды

пресс-служба ДП Костанайской области

Қостанайда тағы бір адам қаңқасы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, адам сүйектері Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында, құбыр ауыстыру орнында табылған.

«Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған болатын. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Еске салайық, 4 шілдеде «ҚЖЭК» МКК жұмысшылары құбыр ауыстырып жатып жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінен адам қаңқасын тауып алған болатын.