Небәрі 19 жаста: Астанада кішкентай қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Небәрі 19 жаста: Астанада кішкентай қызды зорламақ болған күдікті ұсталды
Полицейлер күдіктіні 11 наурызда бейнебақылау камераларының көмегімен қолға түсіріпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 жастағы оқушы қызды көпқабатты үйдің подъезінде зорламақ болған күдікті ұсталды деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ол небәрі 19 жастағы жігіт екен.

Полицейлер күдіктіні 11 наурызда бейнебақылау камераларының көмегімен қолға түсіріпті.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу ісінің құпия болуына байланысты басқа ақпарат бере алмаймыз», - дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, оқиға Астанадағы 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Кішкентай қыз дүкеннен шығып, үйіне қарай бет алған кезде оның ізіне белгісіз ер адам түседі. Ал, үйдің подъезіне кіріп, екінші қабатқа көтеріле бергенде жігіт оқушы қызға тап беріпті. Қорыққаннан жанұшыра айқайлаған қыз педофилдің қолынан сытылып шығып, үйіне дейін қашып барған. Ата-анасы дереу полицияға хабар беріп, әкесі күдіктіні ізін суытпай өзі ұстамақ болыпты. Алайда, ол ешкімді таппағанын айтып отыр.

Новости партнеров