Қара теңізде екі кеме өртеніп жатыр: 11 адам қаза тапты

22.01.2019 14:53

Қара теңіздегі Керчь бұғазы аумағында Танзания жалауы астындағы екі кеме өртеніп жатыр. Алдын ала болжамға қарағанда,  олардың біреуінде жарылыс болған, деп хабарлайды ТАСС Росморречфлот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан.

Сондай-ақ Росморречфлот, «Кандий» кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі - Түркияның, сегізі Үндістанның азаматтары. Ал екінші «Маэстро» кемесінде 14 адам, жетеуі -Түркия және жетеуі Үндістан азаматтары.

Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті  сақтамаудан  шығуы мүмкін, деп мәлім етті жедел қызметтегі дереккөз.