Алматыдан 257 км қашықтықта жер сілкінісі болды

28.07.2021 14:54

MPV магнитудасы 4.6

Фото: ашық дереккөзден

28 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:40-та Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.8. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 41.58° с. е. 79.13° ш. б. Тереңдігі 10 км. МЅК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.