Магнитудасы MPV 4.3
Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 79 км қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 11 желтоқсанда Алматы уақытымен 04 сағат 05 минут 55 сек (2020 жылғы 10 желтоқсанда Гринвич бойынша 22 сағат 05 минут 55 сек) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 79 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. Магнитудасы MPV 4.3. Зілзала ошағының бағыты 43.54° с.е. 77.77° ш.б. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.