Оларға әкімшілік хаттама толтырылды
Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған мектеп түлектерінің кортежі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағынаудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер көзге түсті.
«Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлық танытып, құқықбұзушылыққа жол берген жүргізушілер Әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Алматы зообағына ақ аю әкелінді