Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр
Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен 5 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.