70 жастағы тұрғыны бір ай бұрын үйінен 70 мың теңгеге жуық ақша қаражатының ұрлағаны туралы арызданған
Алматы облысында полицейлер ақша ұрлығын ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
Сарқан АПБ кезекші бөліміне Сарқан қаласының 70 жастағы тұрғыны бір ай бұрын үйінен 70 мың теңгеге жуық ақша қаражатының ұрлағаны туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 33 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, ол бірден ұрлық жасағанын мойындап, жәбірленушінің танысы болып табылатындығын жеткізді. Бір ай бұрын күдікті жәбірленуші азаматқа қарызға ақша алуға келген. Ол бұрында бірнеше рет жәбірленушіден ақшаны қарызға алған. Есіктің ашық екенін көріп, қолын жууға кірген ол, үстелдің үстінен ақшаны көрген. Иесінің жоқтығын пайдаланып, ақшаны иемденіп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Біршама уақыттан кейін полиция қызметкерлері дәлелдемелер ұсынып оны әшкере етті. Дәлелдемелер ішінде алкогольдік ішімдік ішу кезінде ұрлық жасағанын айтқанын естіген куәгерлер де бар. Өз әрекеттерін жоққа шығарудың пайдасыз екенін сезген азаматша өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі негізінде жүріп жатыр.