Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

20.08.2020 14:55

Жел сілкінісінің энергетикалық санаты – 9,6

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 тамыз күні 06 сағат 32 минут 22 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 707 шақырым жерде – Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. 

Жел сілкінісінің энергетикалық санаты – 9,6. MPV магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәлімет жоқ.