Полиция Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алды

25.06.2020 в 14:55

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті


Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының маңында арыстанның емін-еркін жүрген видеосы тарады. Аң патшасын Ақшұқыр ауылында байқаған жігіттер сирек кездесетін көріністі ұялы телефонға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнынан:

– Жігіттер, арыстан жүр, абай болыңдар. Қызық, әрине. Бірақ абай болыңдар!

Маңғыстау облыстық полиция департаментіне шұғыл хабар таңғы сағат 05.30 шамасында түседі. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары әупірімідеп жыртқышты ұстап алған. Қазір ол «Қошқар ата» аумағында арнайы мамандардың қарауында екен. Жануар шамамен бір жарым жаста. Адамнан мүлдем қорықпайтындықтан, мамандар қолға үйретілген аң ба деп отыр. Полиция қызметкерлері оның иесін іздестіруге кірісті.