Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі тұрмысқа шыққаны үшін көпірден секірмек болды

26.06.2023 14:55

Оқиға 25 маусымда болған

Polisia.kz.

Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 маусымда болған.

«Сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады.

«Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған», - делінген хабарламада.