«ӨКМ Операторы» бұрынғы басшысы 20 млрд теңге жымқырған

11.03.2022 14:55

Қазіргі уақытта тергеу амалдарып жалғасып жатыр

baigenews.kz

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген ANTIKOR News Telegram-каналында.

Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта тергеу амалдарып жалғасып жатыр.