Таразда өртеніп кеткен шырша қалпына келтірілді

01.01.2024 14:55

Полицейлер өрт қойды деген күдікпен 56 жастағы қала тұрғынын ұстады

Фото: Telegram-канал/В Таразе всегда солнечно


31 желтоқсан күні таңертең Тараздағы бас шырша өртеніп кеткенімен, тұрғындар Жаңа жылдың басты символынан құр қалмады. Өртенген шыршаның орнына жаңасы қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалықтар үшін қуанышты жаңалықты "В Таразе всегда солнечно" Telegram-арнасы жариялады.

"Қаламыздағы барлық қиыншылық мен қолайсыз ауа райы өртенген шыршамен бірге кетсін, ал жаңа шырша бақытты өмірдің символы болады", - делінген жазбада.

Еске салайық, 31 желтоқсанда Таразда шырша өртенген болатын. Полицейлер өрт қойды деген күдікпен 56 жастағы қала тұрғынын ұстады.