ШҚО-да ер адам жарты млн теңге бопсалағаны үшін ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Қаскөй өз кінәсін мойындап, одан заңсыз әрекеттерін растайтын ақша қаражаты тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО тұрғыны жарты млн теңге бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бопсалаумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Аталған фактіні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Глубокое ПБ криминалдық полициясы бөлімшесімен бірлесіп анықтаған.

20 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Березовка ауылының тұрғыны өзінің күшінің басымдығын пайдаланып, одан 500 мың теңге талап еткен.

Полиция қызметкерлері ШҚО ПД арнайы жасақ қызметкерлерін тарта отырып жүргізілген операция барысында жарты миллион теңге аударылғаннан кейін күдіктіні ұстаған, ол тәртіп сақшыларын көргеннен кейін жасырынып, жол бойында заттай дәлелдемелерден құтыла бастаған.

Қаскөй өз кінәсін мойындап, одан заңсыз әрекеттерін растайтын ақша қаражаты тәркіленген.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның әрекеті 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сараланады», – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.

Новости партнеров