Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген караоке анықталды

23.10.2020 14:55

Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды

polisia.kz

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс жасап, карантин режимін бұзған караоке анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қазанға қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан “Shelby” караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс жасап, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтаған.

Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды. 

Сонымен қатар, қорқор (кальян) шеккен үш азаматқа және аталған нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.