Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 362 км қашықтықта Қытай аймағында орналасқан
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2020 жылдың 29 наурызында 20 сағат 28 минут 27 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 362 км қашықтықта Қытай аймағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.3. Магнитудасы MPV 4.1. Бағыты 39.97° с.е, 77.42° ш.б.»,-делінген хабарламада.
Осылайша, қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте төрт жер сілкінісін тіркеді. Соңғысы Қытайда болған зілзала. Оған дейін тағы бір жер сілкінісі Қытайда (Алматыдан 647 км қашықтықта, магнитудасы MPV 4.3) және екі жер сілкінісі Қырғызстан аумағында (Алматыдан 390 және 393 км қашықтықта, магнитудасы MPV 4.3 және 4.9 ) болды.