Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті

18.01.2023 14:57

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

azattyq-ruhy.kz

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүре отырып, жылдамдықды сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді»,  делінген ПД-нің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.