Үйден шығып, қайта оралмаған: Ақтауда жасөспірім қызға іздеу жарияланды
Фото: туысқандары мұрағатынан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірімнің туыстары қыз 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты.
Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.
Полиция мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.
Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына "102" телефоны арқылы хабарласуға болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41