Алматыда жылу желісі жарылып, 4 адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)
Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда ескі жылу магистралі жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
10 сәуірде таңғы 04.00 шамасында Пушкин көшесінен Төле Би көшесіне дейінгі аумақта ескі құбыр желісі жарылған. Ол 1993 жылы қолданысқа берілген.
Жарылыс салдарынан төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді.
«Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінді. Шығын көлемі анықталған соң кәсіпорын заң бойынша зардап шеккендер мен бүлінген мүліктің қожайындарына өтемақы береді», - деді «Алматы жылу желісі» өкілдері.
Қазір коммуналдық қызмет жылу магистралінің жарылған орнын жөндеп жатыр. Олар 16.00-ге дейін жөндеу жұмысын аяқтамақ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25