Маңғыстауда жарылыс болды
elements.envato.com
Газ құбыры желісінде өрт шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«18 наурызда түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде тағы бір жолды су шайып кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31