Эльбрус тауына шыққан бес адам қайтыс болды
m24.ru
Құтқарушылар сондай-ақ, 14 адамды эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Эльбрус тауына шыққан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
5400 метр биіктікке көтерілген туристер ауа райының күрт нашарлауына байланысты құтқарушылардан көмек сұраған.Іздестіру-құтқару операциясы барысында альпинистер тобы 14 адамды Азау алаңқайына эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды. Өкінішке қарай, 5 адам қаза тапқан.
Айта кету керек, құтқарушылар өте қиын метеожағдайда жұмыс істеді. Ал сол күні тауға шыққан жолсеріктің айтуынша, қайғылы жағдайға гидтің немқұрайлылығы мен тау басына шығу кестесінің дұрыс емес ұйымдастырылуы себеп болуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
14.09.2026 11:13