Эльбрус тауына шыққан бес адам қайтыс болды

24.09.2021 21:21

Құтқарушылар сондай-ақ, 14 адамды эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды

m24.ru

Эльбрус тауына шыққан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

5400 метр биіктікке көтерілген туристер ауа райының күрт нашарлауына байланысты құтқарушылардан көмек сұраған.

Іздестіру-құтқару операциясы барысында альпинистер тобы 14 адамды Азау алаңқайына эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды. Өкінішке қарай, 5 адам қаза тапқан.

Айта кету керек, құтқарушылар өте қиын метеожағдайда жұмыс істеді. Ал сол күні тауға шыққан жолсеріктің айтуынша, қайғылы жағдайға гидтің немқұрайлылығы мен тау басына шығу кестесінің дұрыс емес ұйымдастырылуы себеп болуы мүмкін.