Алматы облысында 7 жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды

21.01.2020 15:02

Қайғылы оқиға 19 қаңтар, жексен күні болған

Алматы облысының Жамбыл ауданында 2012 жылы туған бала құдыққа құлап қайтыс болды. Қайғылы оқиға 19 қаңтарда, жексенбіде болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

19 қаңтар күні Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Жамбыл ауданында, Ақтерек ауылының шетінде жас баланың ойын кезінде өзінің абайсыздығынан құдыққа құлағандығы туралы хабарлама келіп түсті ( ескі сумен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейді, құдықтың қақпағы жоқ, тереңдігі 2 м). 2012 жылы туған бала оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық комитеті «Трассов-медициналық-құтқару орталығының» қызметкерлері, «Тарғап», Алматы облысының төтенше жағдайлар басқармасы және Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келді.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК азаматтарды - ата-аналарды қырағы болуға және балалардың қараусыз қалдырмау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.