Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым қашықтықта орналасқан
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 21 сағат 17 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.4. MPV магнитудасы - 3.5. Координаттары: 41.69° с.е. 83.04° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.