|
02.10.2019 | 10:02
3684

ШҚО-да жүкті әйелді қарауға келген жедел жәрдем дәрігерлерінің өзі ауруханаға түсті

Полиция ер адамды тұтқындады

ШҚО-да жүкті әйелді қарауға келген жедел жәрдем дәрігерлерінің өзі ауруханаға түсті stan.kz

Семейде ер адам қоңырау бойынша жүкті әйелін қарауға келген жедел жәрдем фельдшерлерін ұрып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ер адам ұялы телефонынан хабарласып, жедел жәрдем шақырған. Қоңырау түскен мекенжайға жеткен дәрігерлерге жүкті әйел ішінің ауыратынын айтып шағымданыпты. Оған «өздігінен түсік тастау қатері» диагноз қойылып, ауруханаға жеткізіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың күйеуі мас болған екен. Ол өзін дөрекі ұстап, ауруды басатын дәрі салып беруін талап етіп, балағаттап, екі фельдшерді ұрып-соққан. Артынша полиция шақырылыпты.

Салдарынан екі фельдшердің миы шайқалып, бас сүйек-мидың жабық жарақатын алып, мұрны сынған. Жедел жәрдем дәрігерлері денсаулығына зақым келгеніне қарамастан, жүкті әйелге көмек көрсетіп, артынша аға дәрігердің шешімі бойынша полиция бөліміне барып, арыз жазады.

Полиция ер адамды тұтқындады. Екі фельдшер аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

«Өзіміздің нақты ұстанымымызды айтқымыз келеді. Мәмілеге келу деген болмайды. Тәртіп бұзған адам заңның барлық қатаңдығы бойынша жазаға тартылуы тиіс. Іс облыстық прокуратураның айрықша бақылауында», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир