Теміртау тұрғындары жарықсыз отыр

13.01.2023 в 15:02

Ондаған көп қабатты үй мен 600-ге жуық жеке үйде электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған

Теміртаудағы үйлердің жартысы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Темірдаудағы ондаған көп қабатты үй мен 600-ге жуық жеке үйде электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған.

"Бұл желідегі жүктеменің шамадан тыс артуынан болуы мүмкін деген болжам бар, өйткені Теміртауда жылыту бойынша проблемалар бар, сол себепті тұрғындар жылытқыштарды пайдаланады", - делінген хабарламада.