Бүлдіршін оқиға орнында мерт болды
Атырауда КамАЗ көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жастағы баланы қағып кетті. Бүлдіршін оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:20 шамасында болған.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертіп отыр.
Қауіпсіздіктің басты талабы – жол қозғалысы ережесін сақтау.
Оқи отырыңыз: Кентауда 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті