Блефоропластикалық ота: Өскеменде сұлулық салонына барған әйел көз жұмды

22.04.2023 15:03

Салон қызметкерінің медициналық рұқсаты болмаған

stan.kz

Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

1962 жылы туған әйел көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орынға барған кезде абай болуды ескертті.