Шақалақтың денесінде еш жарақат болмаған
Қостанай облысында жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, ақ матаға оралған жас сәбиді тұрғындар Жітіқара ауданындағы бейіттердің бірінің қасынан тауып алған. Олар бірден полицияға хабар береді. Өлі табылған шақалақтың үстінен ешқандай дене жарақаты табылмаған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының өкілдері көкек ана мен куәгерлерді іздестіріп жатыр.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, сараптама тағайындалды. Нәтижесінде баланың қай күні динеге келгені және қай уақытта шетінегені анықталады. Өлі табылған нәрестенің анасы әлі де болса табылған жоқ. Іздестіріліп жатыр», – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина БЕЖЕНАРЬ.