Оқиға 27 мамыр күні сағат 15:30 шамасында болған
«Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған 6 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 27 мамыр күні сағат 15:30 шамасында болған.
Жол көлік оқиғасы салдарынан 6 баланың біреуі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бесеуі жеңіл жарақат алған. Оларды дәрігер тексергеннен кейін үйлеріне жіберген.
Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.